Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты: зардап шеккендер бар

ШҚО-да жеңіл автокөліктің КамАЗбен соқтығысуынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамызда сағат 09:00 шамасында Өскемен – Алматы тас жолында, облыс орталығынан 11 шақырым қашықтықта жол-көлік оқиғасы болды.

Mercedes көлігінің жүргізушісі Қалбатау ауылы жақтан келе жатып, қауіпсіздікке көз жеткізбей, ара қашықтық пен жылдамдық режимін сақтамай КамАЗ көлігімен соқтығысқа жол берген.

Соқтығысу нәтижесінде Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.

Mercedes көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК – нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын, жүктерді, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылысжайлардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтірген көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған баптың санкциясымен жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауыңызды және бұзушылықтарға жол бермеуіңізді сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру