Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жол қозғалысы ережелерін бұзған 77 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды

ШҚО-да жол қозғалысы ережелерін бұзған 77 жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 18-20 тамызы аралығында әкімшілік айыппұлдарды уақытында орындау мақсатында прокуратура, жеке сот орындаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесе отырып, “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде төленбеген айыппұлдары бар жол қозғалысы ережелерін бұзушылар анықталуда.

– Іс-шараның бірінші күні 6 млн. теңгеден астам айыппұл өндіріліп, 77 автокөлік мамандандырылған тұраққа қойылды. Мысалы, 20-дан астам әкімшілік айыппұлы бар жалпы сомасы 200 мың теңгеден асатын облыс орталығының тұрғыны анықталды. Бұл жүргізуші үнемі Жол жүру қағидаларын бұзып, құқық бұзушылықтар жасаған. Аталған жүргізушінің автокөлігі айыппұлдарын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды,- деді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру