ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды
ШҚО-да жүргізуші құқығынан айырылған мас мотоциклші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусым айының соңында Шемонаиха қаласында патрульдік полиция взводының қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы мотоциклді тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққаны белгілі болды. Жүргізілген куәландыру жүргізуші автокөлік құралын «орта дәрежедегі» мас күйде жүргізгенін көрсетті. Сонымен бірге, ер адам 2020 жылдың қараша айында 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.