Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД басшылығы ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады

ШҚО ПД басшылығы ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 желтоқсанда ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Ренат Унарбеков ШҚО ІІО және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаевпен бірге жаңа жыл қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері Құрмат Рахимов мен Гавриил Одинцовтың отбасына барып, келе жатқан жаңа жылмен құтықтады.

Құрмат Рахимов қонақтарды бұған дейін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов сыйға тартқан қазақ ұлттық шапанымен қарсы алды.

– Біз Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагерлерін әрдайым ризашылықпен еске аламыз. Өйткені олар біз үшін Отанға қызмет етудің үлгісі. Олардың батылдығы мен жанқиярлығы біздің ұрпақтың жеке өмірі мен қызметтік міндетін атқаруда әлі талай үлгі өнеге болары сөзсіз, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков.

Полицейлер соғыс батырының жасының үлкендігіне қарамастан есте сақтау қабілетінің әлі де мықты екенін байқады, себебі қарт жауынгер альбомдағы әр фотосуреттің күнін есіне сақтаған. Ардагерлер қонақтарға көңіл бөліп, мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін шын жүректен алғыс білдірді. Қоштасу кезінде полиция қызметкерлеріне батылдық, қызметте табандылық және елге адал қызмет етуді тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру