Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ашық есік күнін өткізді

ШҚО полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ашық есік күнін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Твори добро со мной» қоғамдық қорының өтініші бойынша тәртіп сақшылары Серебрянск қаласындағы Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған түзету орталау мектеп-интернаты КММ тәрбиеленушілеріне танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Дәстүр бойынша жасөспірімдерді бөлімшелердің жұмысымен таныстыру ЖҚАЖ-дан бастап, патрульдік полиция қызметімен аяқталды.

Жас қонақтарға атыс қаруы, қорғаныс құралдары және басқа да арнайы құралдар көрсетілді. Балалар дулыға мен сауыт-саймандарды қуана киіп көріп, қолдарына нағыз автоматтар мен тапаншаларды ұстады.

Сонымен қатар балалар полицияның қызметтік көлігіне отырып, өздерін құқықтық тәртіптің нағыз қамқоршысы ретінде сезіне алды.

Төрт аяқты полиция көмекшісі қонақтардың ерекше назарын аударды. Сүйіспеншілікті бірден ұғынатын лабрадор әркімге өзінің кәсіби шеберлігін көрсетуге дайын болды, бұл балалардың шынайы қуанышын тудырды.

Полицейлер балалар үшін олардың ой-өрісін кеңейтуге және патриоттық сезімді тәрбиелеуге бағытталған танымдық және қызықты іс-шаралар өткізу оларды қуанышқа бөлейтінін атап өтті.

Полиция қызметкерлері өскелең ұрпақтың бойында құқық қорғау құрылымдары өкілдерінің оң имиджін және жастардың заң мен тәртіпке деген құрметін қалыптастыруға барынша ықпал етуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру