ШҚО полицейлері демалыс күндері 13 мас жүргізушіні ұстады
ШҚО полицейлері демалыс күндері 13 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Дегенмен, жүргізушілер жол жүрісі қағидаларын елемеуді жалғастыруда. Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 13 тұрғыны тәртіп бұзушы болып, масаң күйде көлік жүргізген.
29-нан 30 шілдеге қараған түні сағат 01:45 шамасында Өскемен – Рахман қайнарлары жолын патрульдеу барысында Алтай қаласының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21093 автокөлігі тоқтатылды. Жүргізілген сараптама жүргізушінің “жеңіл” дәрежедегі масаң күйде екендігін көрсетті.
Сол түні сағат 04:53-те Subaru автокөліктің тағы бір жүргізушісі Өскемен – Семей тас жолында тоқтатылды. Облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны “орташа” дәрежелі масаң күйде болған.
Көлік жүргізу тәртібінің төмендігі облыс орталығыныі жүргізушілері арасында да байқалады. Өткен жексенбіде Өскемен қаласы қалалық батальонының патрульшілері облыс орталығының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы Hyundai Accent автокөлігін тоқтатқан, ол күндіз Серікбаев көшесімен келе жатып, “орташа” дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген.
Осы және алкогольдік масаң күйдегі басқа да бұзушылардың автокөліктері мамандандырылған тұраққа қойылды, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Ол он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын масаң күйде басқару қайтымсыз салдарға алып келетінін ескертеді.