Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері тұрғыннан қарасора бұталарын тәркіледі

ШҚО полицейлері тұрғыннан қарасора бұталарын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді өсірумен айналысқан шығысқазақстандықты анықтады.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында полицейлер өз ауласында 4 түп есірткі тектес өсімдік өсірген 34 жастағы Белоусовка тұрғынын ұстады. Сонымен қатар күдіктіден жасыл түсті өсімдік тектес зат оралған екі бума табылды.

Сараптама жүргізу барысында тәркіленіп алынған салмағы 2 850 грамм болатын өсімдік марихуана есірткі құралы екені анықталды. Күдікті қағаз орамада 47,55 грамм кептірілген марихуана сақтаған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және ҚР ҚК-нің 300-бөлігі 1-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру