ШҚО полицейлері Түркиядан келген шетелдікке көмек көрсетті
ШҚО полицейлері Түркиядан келген шетелдікке көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қарашада сағат 22:40 шамасында Өскемен – Семей автожолында дизель отыны қатып қалғандықтан Түркиядан келген жүргізуші Акин Мұстафа жолда тұрып қалған. Осы уақытта кезекшілікте болған ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері борттық нөмірі 145-экипажының полиция қызметкерлері Кәкенов пен Алтайұлы MAN көлігін байқап, бірден көмекке келген. Полицейлер ер адамды Таврия кенттік полиция бөліміне жеткізген.
Полиция қызметкерлері Ұлан ОАА-да шетелдік жүргізушімен біраз сөйлесіп, азаматтың көлігі бұзылып, оның далада тоңып түсінген. Осы уақытта ауа температурасы -32 градусқа жеткен. Ұлан ауданының полицейлері оны Приволье ауылының ТЖ ғимаратында орналасқан жылыту пунктіне апарған, онда оған ыстық тамақ пен қонатын орын ұсынған.
Мұстафа Акиннің айтуынша, ол өз көлігімен Өскеменге жүк әкеліп, жүктерін түсіріп, Павлодарға жолға шықпақ болып, сол жерден тауарды тиеп Түркияға қайтпақ болған. 1 желтоқсанда Ұлан ауданы полиция бөлімінің учаскелік полицейлері Макан Мақанов пен Серғазы Төлегенов шетелдік жүргізушіге көмек көрсетуді жалғастырған. Тәртіп сақшылары оның автокөлігінің бұзылу себебін анықтау үшін мамандарды шақырып, жүк көлігін жөндеуге қосалқы бөлшектер сатып алу үшін Өскемен қаласына апарған. Әрі қарай көлікті жөндеуге көмектескен.
Соңында учаскелік полицейлер қонақжайлылық танытып, Мұстафаны ұлттық тағамдардан дәм татқызған. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Мұстафа Акин өзінің туған қаласы Ақсарайға қарай бет алды.