Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 300 келіге жуық есірткі сақтаған шетелдік ұсталды

Жамбыл облысында 300 келіге жуық есірткі сақтаған шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсанда Жамбыл облысы ПД және ҰҚКД бірлескен жұмыстары нәтижесінде есірткі өткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізілді. Өзбекстан Республикасының 43 жастағы азаматы облыс аумағында екі жүз келiден астам түрлі есірткі заттарымен ұсталды.

Ұсталған азаматтың Меркі ауданындағы тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 231 келi 916 грамм кептірілген марихуана есірткі затының 19 қапшығы және салмағы 2 келi 300 грамм гашиш есірткі заты табылды. Сондай-ақ өсімдік затын ұнтақтауға арналған екі елеуiш пен арнайы аппарат тәркіленді. Күдікті кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аталған бапқа сәйкес мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру