Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері 582 мың хаттама толтырылған

Түркістан облысында жыл басынан бері 582 мың хаттама толтырылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында сот орындаушылары мен тәртіп сақшылары бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша рейдтік-профилактикалық жұмыстарды жүргізуде. Осы бағытта 2022 жылдың 23-30 қараша күндері аралығында облыс көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның 8 тәулігінде полицейлер әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 8854 тұрғынға хаттама толтырды. Аталған әкімшілік хаттамалардың 50,1 пайызы мемлекет пайдасына өндірілді. Айыппұл төлемей бой тасалап жүрген 149 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.

Мысалы, полицейлер Түркістан қаласы көшелерінің бірінен Daewoo Nexia көлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің Түркістан облысы көлемінде орнатылған автоматты түрде жылдамдықты өлшегіш құрылғысына 30 рет түсіп, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 750 435 теңге айыппұл арқалағаны анықталды. 

Жалпы, жыл басынан бері 582 756 әкімшілік хаттама толтырылып, бүгінде айыппұлдың 73,4 пайызы өндірілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру