ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған ер адамды анықтады
ШҚО полицейлері заңсыз балық аулаған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері аудан орталығы Күршім ауылында «Нерест» ЖПІШ өткізу барысында Бұқтырма су қоймасының тыйым салынған аймағында балық аулаған 35 жастағы ауыл тұрғынын ұстаған.
Тексеру кезінде тәртіп сақшылары оқиға орнынан жалпы салмағы 115 келі шортан мен екі балық аулау торын тәркіледі.
Ер адамның заңсыз әрекеті салдарынан табиғатқа келтірілген шығын соммасы 800 мың теңгеден асады.
Құқық бұзушыға қатысты келуге міндеттеу түріндегі мәжбүрлеу шарасы бекітілді.