Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған қаскөйді ұстады

ШҚО полицейлері зейнеткерге қарақшылық шабуыл жасаған қаскөйді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Риддер қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне мазасызданған қала тұрғыны 2021 жылдың 29 мамырында кешкі уақытта белгісіз адам терезе арқылы оның 92 жастағы әжесінің пәтеріне кіргенін және зорлық-зомбылық қолдана отырып, одан ақшалай қаражат талап еткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, қарт әйел жалғыз тұрады екен, жасына байланысты құлағы естімейтіндіктен, сондықтан қылмыскердің үйге кіргенін де білмей қалған. Өзінің арам пиғылын жүзеге асыра отырып, қылмыскер әйелді тұншықтырып, одан ақша талап ете бастаған. Алайда ол өзінің қылмыстық мақсатына жете алмай, қарт ана есінен танып қалған. Ал қылмыскер оқиға орнынан ізін суытқан.

Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түсе салысымен, оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетіп, қосымша барлық жеке құрам жұмылдырылды. Жедел іс-шараларды өткізу кезінде жәбірленушінің бір күннен кейін ғана оған қатысты жасалған ауыр қылмыс туралы хабарлауы біршама қиындықтар тудырған. Алайда, әр минут қымбат болды, өйткені шабуылдаушы алысқа ұзап, қала аумағынан ізін суытуы мүмкін еді, алайда тәртіп сақшыларының кәсіби жедел іс-әрекеттері нәтижесінде күдікті қолға түсті.

Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралармен қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікті анықталып, ұсталды. Соттың санкциясымен ол қамауға алынды және оған қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол бойынша жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Өз кезегінде қарт ана мен оның көршілері полицейлерге қылмысты ашып, қаскөйді ұстағаны үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру