ШҚО полицейлері жоғалған 5 жасар баланы туыстарымен қауыштырды
Алтай ауданының полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері республикалық тас жолда адасқан бес жасар баланы туыстарымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымында Алтай ауданындағы Партизанская көшесін патрульдеу кезінде патрульдік полиция взводы инспекторлары Сырым Қаликан мен Дәурен Зарқымқанов тас жолда велосипедпен келе жатқан жас баланы көрген. Бала қатты абдырап, қорқып кеткен, полицейлерді көргенде жылап жіберген. Әңгіме барысында бала үйден шығып, адасып кеткенін айтқан. Баламен сөйлесу кезінде оның Алтайдан 4 шақырым жердегі Маяк ауылында тұратыны, сол жерден қалада жұмыс істейтін анасына өз бетінше баруды шешкені анықталды.
Маяк ауылында бала әжесімен бірге болған, ол үй шаруасымен айналысып жүргенде немересінің үйдің ауласынан велосипедпен қалай шығып кеткенін байқамай қалған.
Бала жақындарына тапсырылды. Алтай аудандық ПБ патрульдік полиция взводының инспекторы Сырым Қалиқанның айтуынша, бала табылған жол – күнделікті көліктер көп өтетін республикалық маңызы бар тас жол.