ШҚО полицейлері тағы бір көлік басқару құқығынан айырылған азаматты ұстады
ШҚО полицейлері тағы бір көлік басқару құқығынан айырылған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шілде айының ортасында Өскемен – Семей автожолын патрульдеу барысында 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы LADA 21144 маркалы автокөлік тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің өзін оғаш ұстағаны, тәртіп сақшыларына күдік тудырған, оның есірткіге мас болғаны сараптамамен расталған.
Деректер базасы арқылы тексеру кезінде аталған жүргізуші Семей қалалық сотының 2022 жылғы 28 наурыздағы шешімімен 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Ер адам Өскемен қаласынан Семей қаласына жолаушылармен бірге жүрген, бірақ олар межелі жерге жетпегені белгілі болды. Жүргізушіге қатысты жолға шықпау туралы жазбаша міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, көлік мамандандырылған тұраққа қойылды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Есіңізде болсын, жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын есірткі немесе масаң күйде басқару қайтымсыз салдарға әкеліп соғады.