ШҚО Полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары азаматтарды қабылдады
ШҚО Полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 сәуір күні «Қызмет көрсету моделі» аясында №2 учаскелік полиция пункті базасында ШҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Кошкинчинов Жандос азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдауға 15-ке жуық қала тұрғыны келіп, өз мәселелерін айтып, арыз-шағымдарын жеткізді. Сұрақтардың көпшілігі қоғамдық және жол қауіпсіздігі тақырыптарында болды. Қабылдау барысында кадр мәселесі де көтерілді. Тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша да кеңес алды. Сондай-ақ есепте тұрған тұлғалармен профилкатикалық әңгіме жүргізілді.
Тұрғындармен кездесу барысында өтініш білдірген азаматтар тыңдалып, оларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы түрлі мәселелер бойынша кеңестер берілді. Өтініш берген азаматтардың барлық сұрақтары түпкілікті нәтижеге дейін бақылауға алынды.
– Сервистік полиция – сенімді қарым-қатынастың негізі. Сервистік модель принциптерінің бірі құқық бұзушылықтың алдын алу. Полиция қызметкерлерінің бүгінгі күні қабылдап жатқан шараларының нәтижесінде қоғамдық орындарда, көшелерде, бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмысты азайтуға мүмкіндік берді, – деді ЖПҚБ бастығының орынбасары Жандос Кошкинчинов.
Жалпы, мұндай азаматтарды қабылдау тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Олардың басты мақсаты – полиция мен тұрғындар арасындағы кері байланысты күшейтіп, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.