Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер тұрғындардың ірі көлемдегі несиесін жауып беремін деп алдаған алаяқты ұстады

Түркістандық полицейлер тұрғындардың ірі көлемдегі несиесін жауып беремін деп алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны сырттай танысы алдап, өткен жылдың желтоқсан айында алты млн теңгесін алып, жоқ болған. Арадан бірнеше ай өткенімен, алаяқ уәдесін орындамаған не ақшаны қайтарып бермеген.Нақтырақ айтсақ алаяқ жәбірленуші мен қызының банктердегі тоғыз млн несиесін алты млн берсеңіз, толық төленді деген түбіртек әперемін деп сендірген.

Дәл осындай арызбен жоғарыдағы күдіктіге қатысты полицияға тағы бір егде жастағы әйел арызданды. Бұл жәбірленуші алты млн қарызын 1,5 млн теңгемен жауып беремін деген танысының сөзіне иланып, сұрағанын берген.

Аталған жайттар бір күдіктіге қатысты болғандықтан полицейлер істі бір өндіріске біріктіріп, ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Жәбірленушілерді алдап, несиелеріңді жауып беремін деп сендірген алаяқтықты ұстау, қылмысты ашу мақсатында сайрамдық сақшылар шұғыл іске кірісті. Алданған әйелдердің жауабына сәйкес полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасап, сотты болған жас жігіт болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны жеке басының пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті қамауға алынды. Полицейлер күдіктінің бұдан басқа алаяқтық қылмысына қатыстылығын анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру