Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында құрбысының атынан несие рәсімдеп алған әйел ұсталды

Түркістан облысында құрбысының атынан несие рәсімдеп алған әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, 2019 жылы оның атынан белгісіз біреу микроқаржы ұйымдарынан несие рәсімдеген. Бұл жайында ол банктен несие бойынша қарызды төлеу туралы хабарлама келгенде бірақ білген.

Анықталғандай, әйелге құрбысының бірі қоңырау шалып, телефонға келген құпия сандарды айтуды сұраған. Деректерді алғаннан кейін құрбысы заңсыз несие рәсімдеп, жәбірленушінің атынан 60 мың теңге несие алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Қазығұрт АПБ-нің полицейлері алаяқтық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Ол одан әрі тергеу жұмыстарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ал оның алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу істің толық мән-жайын, әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру