Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО Полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары азаматтарды қабылдады

ШҚО Полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 сәуір күні “Қызмет көрсету моделі” аясында №2 учаскелік полиция пункті базасында ШҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Кошкинчинов Жандос азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдауға 15-ке жуық қала тұрғыны келіп, өз мәселелерін айтып, арыз-шағымдарын жеткізді. Сұрақтардың көпшілігі қоғамдық және жол қауіпсіздігі тақырыптарында болды. Қабылдау барысында кадр мәселесі де көтерілді. Тұрғындар құқықтық мәселелер бойынша да кеңес алды. Сондай-ақ есепте тұрған тұлғалармен профилкатикалық әңгіме жүргізілді.

Тұрғындармен кездесу барысында өтініш білдірген азаматтар тыңдалып, оларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы түрлі мәселелер бойынша кеңестер берілді. Өтініш берген азаматтардың барлық сұрақтары түпкілікті нәтижеге дейін бақылауға алынды.

– Сервистік полиция – сенімді қарым-қатынастың негізі. Сервистік модель принциптерінің бірі құқық бұзушылықтың алдын алу. Полиция қызметкерлерінің бүгінгі күні қабылдап жатқан шараларының нәтижесінде қоғамдық орындарда, көшелерде, бұрын қылмыс жасаған тұлғалардың отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмысты азайтуға мүмкіндік берді, – деді ЖПҚБ бастығының орынбасары Жандос Кошкинчинов.

Жалпы, мұндай азаматтарды қабылдау тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Олардың басты мақсаты – полиция мен тұрғындар арасындағы кері байланысты күшейтіп, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру