ШҚО тұрғыны өзгенің зейнетақысының бір бөлігін заңсыз иемденіп жүрген
ШҚО тұрғыны өзгенің зейнетақысының бір бөлігін заңсыз иемденіп жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алтай қаласының полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер өтінішпен жүінген. Ер адам екі ай бойы банкоматтан зейнетақысын алып, өзіне әкеліп тұрған 25 жастағы жігітке шара қолдануды сұраған.
Алайда жәбірленушінің айтуынша, телефонға банктік қосымшаны орнатқаннан кейін, жігіттің оған 100 мың теңге көлеміндегі ақшаның бір бөлігін бермегенін білген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтып, кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың максималды санкциясы үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.