Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Брендтік сағатты қолды қылған елордалық анықталды

Брендтік сағатты қолды қылған елордалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ-ға қала тұрғыны арызданып, оның құнды затының жоғалып кеткендігі туралы жазды.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ол түнгі уақытта дәмханадан шығып, қонақүйге келген. Таңертең оянғанда, құны 460 мың тұратын қол сағатын таппаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 51 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған факт бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру