ШҚО тұрғыны өзінің алғашқы жеке куәлігін 19 жасында алды
ШҚО тұрғыны өзінің алғашқы жеке куәлігін 19 жасында алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұратын адамдарды анықтау және олардың азаматтық тиесілігін анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді.
Жылдың басынан бері облыс аумағында 50-ден астам адам өз мәртебесін айқындап, ҚР азаматының жеке куәлігін алды.
Көп жағдайда адамдардың осы санаты әртүрлі себептер бойынша қиын өмірлік жағдайға тап болды немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрды. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысы ПД көші-қон қызметкерлері олардың еліміздегі мәртебесін реттеуде құқықтық көмек көрсетеді.
Осылайша Бородулиха ауылының тұрғыны осында туып, 19 жыл бойы сонда тұрған, ал оның ата-анасы Өзбекстан Республикасының азаматтары.
Оның құқықтық мәртебесін реттеу үшін Өзбекстан азаматтығының жоқтығы туралы ақпарат сұрау қажет болды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР азаматтығына жататындығын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсетті.
Сәуір айының басында аталған қыз көптен күткен Қазақстан Республикасының құжатын алды және енді ресми түрде жұмысқа орналасып, барлық мемлекеттік қызметтерді басқа қазақстандықтармен тең пайдалана алады.