ШҚО тұрғыны үш жыл бойы алимент төлемей, қарызға батқан
ШҚО тұрғыны үш жыл бойы алимент төлемей, қарызға батқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылдың басынан бері шығысқазақстандық полицейлер өз балаларына алимент төлеуден жасырынып жүрген 80-нен астам азаматты анықтады.
Бір мысал Көкпекті ауданында болған, сәуір айының басында полиция бөліміне жеке сот орындаушысынан 3 жыл бойы балаларын асырау үшін алимент төлемеген 42 жастағы азаматты іздеуге беру туралы қаулы қабылданған. Жедел іздестіру шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру ісін бастамастан, алимент төлеуден өрескел жалтарып жүрген азаматты Жарма ауданынан анықтады.
Ер азаматтың айтуынша, ресми түрде жұмыс істемегендіктен, 3 жылдан астам уақыт бойы алимент төлемеген, қарыз сомасы шамамен 300 мың теңгені құраған. Енді оның қарызын өндірумен сот орындаушылар айналысатын болады.
Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК 669-бабы және ҚР ҚК 139-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.