ШҚО тұрғынынан 90 литр лицензияланбаған алкоголь тәркіленді
ШҚО тұрғынынан 90 литр лицензияланбаған алкоголь тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол полицейлері заңсыз алкоголь тасымалдауды анықтаған.
30 қыркүйекте түстен кейін «Шеп» СББ-де ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 54 жастағы Шемонаиха тұрғынының басқаруындағы Audi автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары құрамында спирті бар сұйықтықпен толтырылған бес литрлік 18 пластикалық шөлмектерді тапқан, оларды шығыс қазақстандық тиісті құжаттарсыз тасымалдаған.
Ер адам өз жолын қайда ұстады және алкогольдің не үшін қажет болғанын түсіндіре алмаған.
Құқық бұзушыға қатысты ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» әкімшілік хаттама толтырылды.