Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғынынан заңсыз қару-жарақтар тәркіленді

ШҚО тұрғынынан заңсыз қару-жарақтар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының “Қару” жедел-профилактикалық іс шарасын жүргізу барысында Алтай ауданының тұрғынынан заңсыз сақталған атыс қаруының бірнеше түрі және оның оқ-дәрілер табылған.

Жеке учаскені шұғыл тінту кезінде полицейлер: 5, 6 мм калибрлі ТОЗ -16 үлгісіндегі бір зарядты аңшылық карабин, 20 калибрлі БМ үлгісіндегі қос ұңғылы шүріппелі аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, 12 калибрлі ИЖ-18-Е үлгісіндегі бір ұңғылы, аңшылық тегіс ұңғылы мылтық, бір ұңғылы 16 калибрлі ЗҚ шүріппелі аңшылық тегіс ұңғылы шолақ мылтық, сондай-ақ әр түрлі калибрлі 238 патрон тәркіленді.

Осы факті бойынша 50 жастағы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды, аталған бап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру