Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен алып шықпақ болғандар ұсталды

Шу ауданында 10 келіден астам есірткіні мотоциклмен алып шықпақ болғандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде Шу-Меркі тасжолының аумағында Шу және Мойынқұм аудандарының тұрғындары бар екі мотоцикл көлігі тоқтатылды.

Ұсталғандардан жалпы салмағы 10 келі 600 грамм болатын екі қап «кептірілген марихуана» есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Күдіктілер өз кіналарын мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру