Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу қаласындағы жаппай төбелес: 2 адам көз жұмып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Шу қаласындағы жаппай төбелес салдарынан 2 адам көз жұмып, біреуі жансақтау бөліміне жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазан сағат 21.00 шамасында Шу қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде алкогольдік ішімдік ішу барысында бес азаматтың арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Келтірілген пышақ жарақаттарының нәтижесінде 2 адам қаза болып, бір тұрғын Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша жергілікті екі тұрғын анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру