Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу тұрғынынан полицейлер 42,5 келі есірткі затын тәркіледі

Шу қаласының тұрғынынан полицейлер 400 мыңнан астам доза есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тасөткел ауылынан үш шақырым жерде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында одан жалпы салмағы 42 келі 500 грамм «марихуана» есірткі заты табылды, тәркіленген есірткінің салмағы 400 мыңнан астам дозаны құрайды.

– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті ПД ЕҚҚІБ бастығы Асқар Жұмабеков.

Ұсталған күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру