Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзудың 1 400-ге жуық фактісі анықталды

Атырауда көші-қон заңнамасын бұзудың 1 400-ге жуық фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраулық полицейлер 5-12 шілде аралығында өткен “Заңсыз келуші-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Нәтижесінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзудың 1 381 фактісі анықталды. Оның ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 1 063 шетелдікке әкімшілік шара қолданылды. 22 шетелдік көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімімен елден шығарылды.

Сондай-ақ шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілер тарапынан заңнаманы бұзғандар да анықталды. Осындай 318 адам Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге іс-шара барысында полиция қызметкерлері құрылыс алаңдарында жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ заңсыз қызмет етіп жүрген 188 Өзбекстан Республикасының азаматтарын анықтады. Қазіргі уақытта шетелдіктер қабылдау-тарату орнына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру