Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын өрттен құтқарған қызылордалық полицейлерге алғыс айтты

Тұрғын өрттен құтқарған қызылордалық полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының сақшылары өртеніп жатқан үйден қала тұрғынын құтқарып, кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Әйтеке би көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққан. Төтенше жағдай қызметіне дереу хабар берген Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны қызметкері мен учаскелік инспекторы Сүндет Әбдібек пен Қайрат Қанатов тұрғынды құтқаруға шұғыл кіріседі.

Қою түтін арасынан жол тапқан сақшылар лаулаған от көрші пәтерлерге таралып кетпес үшін, жедел шешім қабылдайды. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ басын қатерге тіккен полиция қызметкерлеріне әйел алғыс айтты.

– Полицейлерге және олардың қызметіне осы хатым арқылы алғыс айтқым келеді. Өртеніп жатқан үйден өтіп кетпей, адам өміріне бей-жай қарамады. Олардың қызметіне тек қана сәттілік тілеймін. Полицейлердің осындай ержүректі батырлықтарына дән ризамын. Менің құтқарушыларыма басқарма атынан тиісті марапатқа ұсынып, өз әріптестеріне үлгі болса екен деймін, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру