«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұланның «Шығыс»» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына генерал-майор Арман Жұмағалиев тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа қолбасшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов таныстырды.
– Арман Жұмағалиев баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын курсант пен лейтенанттан генерал-майорға дейін, взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. А.Жұмағалиев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік-қызметтік тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін, – деді Еркін Ботақанов.
Арман Жұмағалиев бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.