Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Шығыс” өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен​ Ішкі істер министрінің бұйрығымен ​ ​ Ұлттық​ ұланның​ “Шығыс»” өңірлік​ қолбасшылығының​ қолбасшысы лауазымына​ генерал-майор​ ​ Арман Жұмағалиев тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа қолбасшыны жеке құрамға​ ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның ​Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов таныстырды.

– Арман Жұмағалиев баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын​ курсант пен лейтенанттан генерал-майорға дейін,​ взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. А.Жұмағалиев “Шығыс” өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік-қызметтік​ тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін, – деді Еркін Ботақанов.

​ Арман Жұмағалиев​ бұған дейін Қазақстан Республикасы​ Ұлттық ұланы “Батыс”​ өңірлік​ ​ қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру