Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейі қазақ күресінен Қазақстан чемпионы атанды

Астана қаласында өткен “Дала қырандары” турнирінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің атынан ПД аппаратының қызметкері Батырхан Қайырбек өнер көрсетіп, департаменттің спорттық жетістіктерінің қоржынына тағы бір марапат әкеліп, чемпиондық атаққа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батырхан – Шал ақын ауданы Жаңажол ауылының тумасы. Одан басқа отбасында 3 үлкен әпкесі бар, барлығы бала кезінен жеңіл атлетикамен, тіпті футболмен айналысқан. Батырханның ұлттық спортқа деген қызығушылығы 4-сыныпта оқып жүргенде күрес секциясына алып келді. Алматы қаласындағы Қазақ спорт және туризм академиясында оқыған кезінде де күреспен айналысқан. 2018 жылы полицияға қызметке кірген.

Елордадағы рейтингтік турнир республиканың үздік палуандарын жинады. Жыл бойы Батырханның салмақ дәрежесінде — 74 келіге дейін елімізде 90-ға жуық спортшы өнер көрсетті. Оның ішінде ең жоғары рейтингке ие болған 8 адам “Дала қырандары” барысында кілемде кездесті.

– Қарсыластар мықты болды, десе де мен қиын күресте чемпиондық белбеуді жеңіп алдым. Облыстық полиция департаментінің басшылығына спорт саласында өзін-өзі таныту мүмкіндігі үшін алғысымды білдіремін. Жақсы дене шынықтыру – полицейлер үшін міндетті, қылмысқа қарсы іс-қимыл және құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді тиімді орындаудың қажетті шарты, – дейді Батырхан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру