Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері алты күнде 10 мас жүргізушіні анықтады

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері алты күнде 10 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері облыста 383 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде мас жүргізушінің кінәсінен болған ЖКО саны – 26. Соның салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында 11 ай ішінде 6 адам қаза тауып, 18 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Тәртіп сақшылары барлық жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін нығайтуға бағытталған рейдтік және жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 6 күн бойы “Мас жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Осы уақыт ішінде полиция қызметкерлері облыс жолдарында мас болған 10 көлік жүргізушісін тоқтатып, барлығы 1275 жол қозғалысы ережелерін бұзушылығын анықтаған. Көбінесе жүргізушілер қауіпсіздік белдігін пайдалану талабын елемейді – мұндай 140 дерек тіркелді. Тағы 105 жүргізуші көлік басқарып келе жатып телефон пайдалаған, 53-і рұқсат етілген жылдамдықты арттырды, ал 17-сі жаяу жүргіншілерге басымдық бермеген.

– Мас күйде көлік құралдарын басқару өрескел қателікке жатады. Мас жүргізушілерді әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру сияқты қатаң жауапкершілікті есте сақтауды сұраймыз. Мас жүргізушілерді анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру