Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция департаментінің музейінде жас қызметкерлер үшін экскурсия өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің музейінде жас қызметкерлер үшін экскурсия өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Музейдегі төрт залдың біреуі – Ұлы Отан соғысына және Ауған соғысына қатысқан солтүстікқазақстандық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған. Музей меңгерушісі, отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская музей қонақтарына әр майдангердің жауынгерлік жолы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ полицейлерге соғыстың басталғаны және соғыстың жеңіспен аяқталғаны туралы хабарлайтын Юрий Левитанның дауысы тыңдатылды. Қызметкерлер бір минут үнсіздікпен метрономны да тыңдады.

Мыңдаған экспонаттан бөлек, департамент музейінде кинозал да бар. Бұл жерде жас қызметкерлерге жеңістің жақындауына өз үлестерін қосқан қазақстрандықтар туралы патриоттық бейнероликтер көрсетілді. Сақшылар “Журавли” әнінің тарихымен танысып, ҰОС ардагерлеріне арналған өлең жолдарын тыңдады.

– Ерлік – ешқашан ұмытылмайды. Бұл – жас қызметкерлер үшін үлгі болады деген сенімдеміз. Мұндай экскурсиялар жиі өткізіліп тұрады. Себебі мұндай жиын жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруға тәрбелеудің маңызды құрамдас бөлігі саналады, – дейді Любовь Осинская.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру