Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері милиция майорына құрмет көрсетті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагеріне құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарында 33 жылдан астам уақыт қызмет етіп, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалысқа шыққан ШҚО Жарма ауданы Жаңғызтөбе кентінің учаскелік инспекторы милиция майоры Зиябек Байнуркашев өмірлік тәжірибесі кемел жан.

– Ақсақал жан-жары Бәтимамен жеті бала тәрбиелеп, өсіріп жеткізді. Ол осы күнге дейін қаншама жасқа тәлімгер бола білді. Ұлы Нұрбол Зиябекұлы да әке жолын қуып,  10 жыл бойы Жаңғызтөбе кентінің учаскелік инспекторы болды, қазіргі уақытта әскери полиция қызметінің басшысы қызметін атқарады,- дейді ШҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

– Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдарына жүгіну арқылы қорғауға құқылы. Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі полиция қызметкерінің басты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал бұл кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады, – деді қарт ардагеріміз.

– Өз тәжірибеме сүйеніп айтар болсам,тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, бүгінгі таңда жұртшылықтың полицияға деген сенімі өте жоғары. Бұл үшін еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтағанымыз абзал. Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан әр тәртіп сақшысының бойына адалдық пен кәсіби шеберлікті сіңіруге тырысу керек», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру