Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шығыс Қазақстан облысында 20 сотталған ЖШС-ға жұмысқа тұрды

Шығыс Қазақстан облысында 20 сотталған ЖШС-ға жұмысқа тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде сотталғандар ШҚО бойынша ҚАЖД қарасты ОВ-156/22 мекеме қызметкерлерінің көмегімен облыс орталығының ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестеріне жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, қайталанатын қылмыстардың басым бөлігін тұрақты жұмыс орны жоқ сотталғандар жасайды және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері тарапынан барлық шаралар қолданылуда.

Айта кетерлігі, сотталғандарды жұмысқа орналастыру жұмыстары колония қызметкерлері мен пробация қызметі тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Мәселен, облыс орталығындағы ірі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірімен ынтымақтастық аясында колония-қоныс қызметкерлерінің арасында сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы келісім жасалды.

Бүгінгі таңда 20 сотталған жұмыс орнымен қамтылды. 

– Біздің мекмеде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастырудың оң тәжірибесі бар екеніне көзіміз жетті, осы бағытта екінші жыл жұмыс істеп келеміз. Бұл қайталанатын қылмыстың алдын алудың тиімді жолы деп есептейміз. Бүгінгі таңда маусымдық жұмысқа 20-дан астам сотталған орналасты, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/22 мекеме жасағының бастығы Айдар Антонов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру