Шығыс Қазақстанда үйінде заңсыз қару сақтаған зейнеткер анықталды
Шығыс Қазақстанда үйінде заңсыз қару сақтаған зейнеткер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз айының «Қару» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ШҚО ПД ЭҚКБ қызметкерлері Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылының 70 жастағы тұрғынының атыс қаруын заңсыз сақтау фактісін анықтады, одан кідіріссіз тінту кезінде екі атыс қаруы тәркіленді.
Баллистикалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған қарулардың бірі 5,6 мм және 32 мм калибрлі патрондармен атуға жарамды екі ұңғылы ойық ИЖ-56-1 мылтығы және 16 мм калибрлі патрондармен атуға жарамды екі тегіс ұңғылы БМ-16 мылтық.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған баптың санкциясымен күдіктіге 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.