Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері алғаш рет жүргізуші куәлігін алу тәртібі туралы айтып берді

Бірінші рет жүргізуші куәлігін алу теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру негізінде жүргізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теориялық емтихан компьютерлік кешендерді пайдалану жолымен емтихан класында өткізіледі. Емтихан тесті 40 сұрақты қамтиды.

Практикалық емтихан тиісті санаттардағы көлік құралдарымен жарақталған және жүргізу нәтижелерін автоматты түрде есептейтін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған автоматтандырылған автодромда жүзеге асырылады.

Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер төменде көрсетілген құжаттарды ұсынуы тиіс:

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) медициналық анықтама мен оның көшірмесі;

3) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат;

4) курстарды аяқтағаны туралы куәлік.

Курстарды аяқтағаны туралы куәлікті ұсыну туралы талап «А», «В» санаттарындағы, «А1», «В1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін өзіндік даярлықтан өткен адамдарға таралмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру