Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Скутер ұрлаған шымкенттік құрықталды

Шымкент тұрғыны біреудің құны 230 мың теңге тұратын скутерін қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны Шымкент қаласының ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасына ұрлық фактісі бойынша арызданған. Оның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу автотұрақта тұрған скутерін қолды еткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 230 000  теңгені құрайды.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу кезінде ұрлықты ізін суытпай ашып, осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды жеткізді.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру