Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер черлидингтен байқау ұйымдастырды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен облыстағы оқу орындары арасында “Берік отбасы есірткіден алыс” тақырыбында черлидингтен байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтына баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға онлайн режимде 63 команда қатысты.

Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін бейнетаспаға түсіріп, қазылар алқасының назарына ұсынды. Қатысушылар көркемдік (фигураларды құру, фигураларды құрудың ерекше идеялары, музыка мен қойылымдарды оңтайлы таңдау, әртістік қабілеттер және т.б.), композицияны синхронды орындау, қатысушылардың сыртқы келбеті (костюм, шаш үлгісі, макияж) сияқты үш номинация бойынша бағаланды.

Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қармақшы ауданының №277 орта мектебі, екінші орынды Қармақшы ауданының №80 мектеп-лицейі, үшінші орынды Сырдария ауданының №131 орта мектебі иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру