Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторының қызметкерлері сәбилер үйінің ауласына көшет отырғызды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЗК-169/1  мекемесінің қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, “30 игі іс” акциясы аясында Сәбилер үйіне барып, жеміс ағаштарын отырғызды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме бастығының орынбасары Қ.Олжабаевтың айтуынша, жеке құрамның қолдауымен 30 түп көшет сатып алынған.

Облыстық мамандандырылған сәбилер үйінің қызметкерлері жас шыбықтарды отырғызатын орындарды әзірлеп, тергеу изоляторының қызметкерлері ағаш көшеттерін отырғызды.

– Қызметтік міндеттерінің қиындығы мен жұмыстарының қауырттығына қарамастан, тергеу изоляторының қызметкерлері  осындай  ізгі амал жасап, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерінің басым екендіктерін көрсетті. Мекеме аумағын абаттандыруға қосқан үлестері үшін ризашылығымызды білдіреміз, – деді Сәбилер үйінің бас дәрігері Гүлсім Ертайқызы.

Айта кететін болсақ, тергеу изоляторының қызметкерлері бұған дейін де бірнеше рет қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, сәбилерге ойыншықтарды сыйға тартқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру