Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдіктер Алматы полицейлеріне алғыс айтты

Эквадорлық ерлі-зайыптылар Алматы қаласының полицейлеріне Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру бойынша көші-қон заңнамасын түсіндіргені үшін алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы олар Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының атына жолдаған алғыс хатында хабарлады.

– Біздің бұрынғы жерлесіміз Эквадор азаматына тұрмысқа шығып, басқа мемлекеттің азаматтығын алуына байланысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған. Енді ол Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Алайда Эквадордың көші-қон заңнамасының ережелері осы елдің азаматтығынан шығуға мүмкіндік бермейтіндіктен, азаматтығын қалпына келтіру туралы мәселені Қазақстан Республикасы Президентінің атына жіберу үшін әрі қарай Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру мәселесін шешу туралы құжатты жіберуге ҚР ІІМ-нің Көші-қон қызметі комитетінің комиссиясы қарастыруы керек. Біз бұл алгоритмді аталған әйелге түсіндіріп, оның келесі әрекеттері туралы мәліметтерді бердік, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру