Шымкент полицейлері ұрлық жайтын ашты
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан азаматтың қылмысын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында оның танысы рұқсатынсыз ұялы телефонындағы қосымша арқылы ақшасын шешіп алған. Жәбірленуші 500 000 теңге материалдық шығын келтіргенін айтып, шара көруді сұранған.
Абай ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді. Қазіргі уақытта азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.