Шымкент полицейлері үш жыл көріспеген әпкесі мен інісін қайта қауыштырды
Шымкент полицейлері үш жыл көріспеген әпкесі мен інісін қайта қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай АПБ көші-қон қызметі бөлімінің тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын туған інісімен туыстық байланысының үзілгені туралы өтінішпен жүгінді.
Қала тұрғынының айтуынша, оның інісі 2020 жылы Алматыға жұмыс істеуге кетіп, аман-есен жеткенін айтып, кейін мүлдем телефон соқпай, жазбай байланысты үзген. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған.
Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кірісті. Ер адам болуы мүмкін барлық жерлерді тексерді: құрылыс алаңдары, базарлар, жалдамалы пәтерлер, оны білетін және көрген адамдардың бәрінен сұрады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ер адам Астана қаласында табылды.
Белгілі болғандай, ол қиын өмірлік жағдайға тап болып, әпкесінің телефон нөмірін жоғалтып алған, содан соң қайта байланыса шығу мүмкін болмаған.
Полиция оны Шымкентке жеткізіп, туысымен қайта қауыштырды.
Қала тұрғыны, полиция қызметкерлеріне біреудің қайғысына бей-жай қарамағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.
Тәртіп сақшылары халықтың алғысы олар үшін ең жақсы сыйлық екендігін атап өтті.