Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында жаяу жүргінші автокөлік дөңгелектерінің астына түсіп, қаза тапты

Жаркентте жаяу жүргінші автокөлік дөңгелектерінің астына түсіп, қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 13 маусым күні таңертең Головацкий – Бусаков көшелерінің қиылысында болды. 48 жастағы жергілікті тұрғын Audi-100 дөңгелектерінің астына түсіп, қайтыс болды. Жаяу жүргіншінің өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Шетел көлігін 21 жастағы жігіт басқарған. Автокөлік арнайы автотұраққа орналастырылды.

Полиция азаматтарды жолдан өту кезінде өте сақ және мұқият болуға шақырады. Жыл басынан бері облыстың автожолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 59 ЖКО тіркелді, онда 11 адам қаза тауып, 49 адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру