Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 5 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды

Шымкентте “Қорғау” қосымшасының көмегімен 5 мыңнан астам көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қорғау” қосымшасы республика көлемінде алғаш рет 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында өз жұмысын бастады. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тікелей нұсқауымен, қауіпті жүргізушілерді дер кезінде құрықтап, жауапқа тарту үшін аталған бағдарлама іске қосылды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков аталған қосымшаның көмегімен бүгінге дейін біршама нәтижелі жұмыстар атқарылғанын айтады.

– “Қорғау” қосымшасы тек жол ережелерін үнемі бұзатын жүргізушілерді ғана емес, ірі көлемдегі қарызы бар, айыппұл арқалаған және алимент төлеуден бастартып жүрген тұлғаларды дер кезінде анықтауда зор үлес қосып келеді, – дейді Дәлбеков.

Мәселен, мегаполисте 10 ай ішінде “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасының көмегімен 8797 жол ережесін бұзу жайтына қатысқан 2724 қауіпті жүргізуші ұсталған. Оның ішінде 2657 автокөлік шетелдік тіркеу нөмірін тақса, тағы 78 жүргізуші жалған нөмір пайдаланған. Содан 5347 көлік айыптұраққа жеткізіліп, 72 мемлекеттік тіркеу нөмірі тәркіленді.

Сондай-ақ сот орындаушыларымен атқарылған жұмыс барысында қарызын өтеуден бас сауғалап жүрген, 1,6 млн теңгеге жуық берешегі бар, 39 жүргізушісі анықталып, ұсталған. Қауіпті жүргізушілерді заң жүзінде жауапқа тарту және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру