Шымкентте 64 мотоциклист жауапкершілікке тартылды
Шымкентте 64 мотоциклист жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы аумағында 17-23 қазан аралығында Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның 2 күнінде 64 мотокөлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершлікке тартылды. Олардың тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 245 дерегі анықталып, бір мотокөлік айыптұраққа қойылды. Оның ішінде пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған – 1, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған 20 тұлғаға хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, тыныштықты бұзу бойынша – 19, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқарған бір жүргізуші анықталды. Жаяу жүргiншiлердің белгіленбеген жерден өткендер саны да аз емес, 201 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған, оның ішінде мопед, самокат, велосипед жүргізушілеріне қатысты – 23.