Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны 20 шақты қойды ұрлап кетті

Тараз тұрғыны 20 шақты қойды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байзақ ауданының полиция бөліміне 52 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 10 қазанда Жетібай ауылына іргелес аумақта орналасқан жайылымдық алқаптан белгісіз адам 18 қойын ұрлап, оған 1 млн теңге сомасында материалдық шығын келтіргенін айтып шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байзақ ауданының полиция қызметкерлері Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынын қойларды сату үшін алып бара жатқан сәтте анықтап, ұстады.

Ұсталған адам кінәсін мойындады. Күдіктінің айтуынша, иесіз жайылып жүрген қойларды көріп, ең ірілерін таңдап, жайылымнан 2 шақырым жерде орналасқан қамысқа айдап әкетіп, қараңғы түскенін күткен. Кейіннен ер адам малды тасымалдау үшін ГАЗель көлігін жалдап, қойлардың бір бөлігін әрқайсысы 40 мың теңгеге сатып үлгерген.

Осы дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл (9 189 000 теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазалауды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру