Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте адам өлтірген күдікті ұсталды

Шымкенттік полицейлер адам өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

2020 жылдың 19 қазанында сағат 12:20-да «102» пультіне Шымкент қаласы 18 – шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен азиат нәсілдес белгісіз азаматшаның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында аталған азаматшаның Түркістан облысының  тұрғыны екендігі анықталды.

Сот-дәрігерлік сараптаманың қорытындысына сәйкес оның қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды.

Бұл факт бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (Адам өлтіру)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жедел – іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті де  Түркістан облысының тұрғыны болып табылады.

Жауап қалдыру