Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында браконьерлікпен айналысқан мал ұрылары ұсталды

“Браконьер” республикалық жедел – алдын алу іс-шарасын өткізу барысында мал ұрлықтарына қарсы күреске бағытталған мақсатты іс-шаралар да жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында Ақши ауылдық округінде  Іле ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны айдап жүрген “Toyota Land Cruiser” маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Көлік салонында жүргізушіден басқа тағы екі жолаушы болған. Салонды визуалды тексеру кезінде тәртіп сақшылары  сиыр еті мен жабайы қабан етін және тіркелмеген екі аңшы мылтығын тапты.

Ұсталған адамдардың айтуынша, Іле өзенінде балық аулау кезінде олардың бірі қабанды атып өлтірген, кейінірек олар сиырды да атқан, оның ішек-қарны мен басы айғақтарды тексеру кезінде табылды.

Сиырдың иесі полицияға сағат 17.10 шамасында ірі қара малының жоғалғаны туралы арызданған, ол малының ұрланғанын полицейлерден естіген.

Заңсыз аң аулау және мал ұрлау деректері Сотқа дейінгі тергеп- тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.

Алдағы уақытта күдіктілердің басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру